Ақтауда бір мектепте сегіз жұп егіз бірінші сыныпқа барды

Ғажайып құбылыс Ақтау қаласындағы № 12 жалпы білім беретін орта мектепте тіркелген. Білім күніне арналған салтанатты жиында 8 жұп егіз бірінші сыныпқа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz сілтеме жасап.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған егіздер үшін шеру ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің жаңа достары және мұғалімдерімен амандасты.

Ал алғашқы қоңырау соғу құрметіне ағайынды Мирас пен Диас Мурадовтар ие болды.

Мектеп басшылығының айтуынша, № 12 орта мектепте егіздердің рекордтық саны биыл алғаш рет тіркеліп отыр.

Біздің мектепте бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бастапқыда мұғалімдерге кейбір егіздерді ажырату қиын болатын шығар, бірақ уақыт өте келе бір - бірімізге үйренеміз. Бастысы сапалы біоім мен тәрбие беруге тырысамыз, - деді мектеп директоры Жанат Анисова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы