Ақтауда бір мектепте 7 жұп егіз бірінші сыныпқа барды

Ақтауда бір мектепте 7 жұп егіз бірінші сыныпқа барған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтауда жаңа оқу жылында Қ.Бекжанов атындағы №10 мектебінің бірінші сыныбына 7 жұп егіз қабылданды.

Қазіргі таңда бұл мектепте 2213 бала оқиды. Мектеп директоры Назира Ақбержанованың айтуынша, мектепте 0-11 сынып арасында отыз жұп егіз оқушы білім алады.

Бұрын біздің мектебімізде мұндай жағдай болмаған. Биыл біздің бірінші сыныбымызға 7 бірдей жұп егіздерімізді қабылдап отырмыз. Жалпы мектепте 0-11 сынып аралығында отыз жұп егіз оқиды. Олардың қатарында 10 сынып оқушылары Бейбарыс және Тамерлан Ахметжановтар бар. Бейбарыс Ахметжанов - мектепішілік парламенттің мүшесі. Егіз оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы жоғары. Ұстаздарымыз оқушыларға сапалы білім және тәрбие беруде еңбек етуде, - деді Қ.Бекжанов атындағы №10 мектептің директоры Назира Ақбержанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы