Ақтауда базардағы көкөніс сататын дүңгіршек өртенді

Ақтауда базардағы көкөніс сататын дүңгіршек өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы объектілерге таралуына жол бермеген.

Ақтау қаласында "Көк базар" сауда базары аумағында жеке тұрған жеміс павильонында өрт шықты. Өрт сағат 21.47-де оқшауланып, сағат 21.52-де сөндірілді. Өрттің ауданы 50 шаршы метр, - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ екендігі белгілі болды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменде өрттен бір адамның қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы