Ақтауда базар өртенді
12 желтоқсан күні сағат 16:15-де Ақтау қаласы, 28А шағынауданында орналасқан “РИД” СК ЖШС базары жанып жатыр деген хабарлама 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына 2-шақырту бойынша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Барған кезде 105, 106, 107 бутиктерінің жануы анықталды.
Өрт 16:27-де локализацияланып, 16:34-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД тарапынан 35 қызметкер және 8 техника жұмыс атқаруда. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласы ТЖБ анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Оралдағы пәтерлердің бірінде жойқын жарылыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы