Ақтауда автокөлік жарылды
Ақтауда көше ортасында автокөлік жарылды. Оқиға болған сәттегі видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап берген Маңғыстау облысының ТЖД автокөліктің жарылғанын растады.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді. Ақтау қаласының 27-шағынауданында көпқабатты тұрғын үй аумағында жеңіл автокөлік өртеніп, кейін газ-баллон жабдығы жарылған. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және газ-баллон жабдықтарына уақытылы техникалық қызмет көрсету қажет екенін ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болғаны хабарланды.