Кеше 2026, 22:53
Фото: lada.kz
Ақтауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жолаушылар жарақат алды
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.
Ақтауда Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының алдында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, Audi Q7 автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, солға бұрылу кезінде қарсы бағыттағы көлікке жол бермей, YUTONG маркалы автобусқа соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан автобус жолаушылары жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының хабарлауынша, автобус кондукторы, 49 жастағы әйел, жабық бас-ми жарақатын және ми шайқалуын алған. Сондай-ақ 59 жастағы әйел жеңіл бас жарақатын алған.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады.