Бүгiн 2026, 09:48 Фото: lada.kz

Ақтауда ауа сапасы күрт нашарлады: Зиянды зат нормадан мың есе асқан

Қала тұрғындары ауадағы жағымсыз иіске шағымданды.

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде қалада өткір иіс пайда болғанын жазды. Маңғыстау облыстық экология департаменті күкіртті көміртек концентрациясының шамадан тыс артқанын тіркегенін мәлімдеді.
 
Lada.kz таратқан мәліметке сәйкес, тұрғындар түнде қалада өткір әрі жағымсыз иіс сезілген.

Алғашында оны күкіртсутек шығар деп ойладым – иісі шіріген жұмыртқаға ұқсайды. Таңертең картадан қарап едім, азот диоксидінің деңгейі көтеріліп кеткен екен. Қалада тағы біреу осы иісті сезді ме екен? – деп жазды Ақтау тұрғыны.

Қаланың тағы бір тұрғыны бұл иістің әсіресе төменгі ықшамаудандарда қатты байқалатынын айтты.

Бірнеше күн бұрын тіпті тыныс алу мүмкін болмай қалды, – деп шағымданды ол.

Маңғыстау облыстық экология департаменті редакцияға мониторинг тобы үш күн қатарынан күкіртті көміртек концентрациясына өлшеу жүргізгенін хабарлады.

Зерттеу қорытындысы бойынша рұқсат етілген нормадан асып кеткен көрсеткіштер анықталған.

Жоғары көрсеткіштер бірнеше ірі өнеркәсіп кәсіпорны орналасқан индустриялық парк аумағында тіркелді. Осыған байланысты прокуратураға тиісті хабарлама жолданды. Тексеру басталғаннан кейін мамандар заңбұзушылыққа жол берген кәсіпорынды анықтауға кіріседі, – деп мәлімдеді ведомство.

Экологтардың мәліметінше, күкіртті көміртек концентрациясы мың есеге дейін артық болған.