Ақтауда атыс болды

Ақтауда тұрғындарына атыс естілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 мамыр күні сағат 00:37 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағын ауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түсті. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы