Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
14 мамырда Ақтау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызмет атқарғаннан кейін 6656 әскери бөлімінің сарбазы әскери жасақтардың жиналу және әскери бөлімге кету орнына келген жоқ, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Мәскеуге барды
Өзгелердің жаңалығы