21 Наурыз 2023 2023, 21:11 Фото: playex.net

Ақтауда ардагерлер арасында бильярдтан халықаралық турнир басталды

Ақтау қаласында 21-23 наурыз аралығында 50 жастан асқан мемлекеттік қызмет, спорт және еңбек ардагерлері арасында бильярдтан турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтау қаласында 21-23 наурыз аралығында 50 жастан асқан мемлекеттік қызмет, спорт және еңбек ардагерлері арасында бильярдтан турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Өңірдің қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, "Халық Арена" спорт кешенінде өтетін жарысты қалаған адамдар тамашалай алады.  

Қоғамдық коммуникациялар орталығында мұндай жарыстар Маңғыстауда алғаш рет өткізіліп отырғаны айтылды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 18 команда қатысады.