Кеше 2026, 21:19
Фото: freepik
Ақтауда алкогольді лицензиясыз сатқан дүкенге айыппұл салынды
Сот отырысы барысында кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан кәсіпкерге қатысты істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, 2026 жылғы 3 наурызда 32Б шағынауданында орналасқан дүкенде алкоголь өнімдері тиісті лицензиясыз сақталып, сатылғаны анықталған.
Сот отырысы барысында кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады.
Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша оған 15 айлық есептік көрсеткіш (64 875 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 30%-ға қысқартылып, нәтижесінде 45 413 теңгені құрады.