Ақтауда алимент төлемеген борышкер түрмеге қамалды
Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды, - деп мәлімдеді Ақтау қаласының прокуратурасы.
Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерейментау ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Өзгелердің жаңалығы