Ақтауда 500-ге жуық адам бейбіт шеруге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жағдай бойынша Ақтау қаласындағы бүгінгі ахуал қандай? Кеше Ақтау әкімдігінің орталық алаңдарында халықты жаппай тұтқындап жатыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық арнасының Ақтаудағы тілшісі мәлім етті. 

Бұл ақпарат жалған болып шықты. Ол жерде шамамен алаңға мыңға жуық адам жиналған. Олар патриоттық әндер шырқап, тәртіпке сай митинг ұйымдастырған. Түн тыныш өтті. Қоғам белсенділері қолдарына микрофон алып, халықты сабырға шақырды. Бейбіт шеруді ешкімнің арбауына түспей өткізейік деп үндеп жатты, – деді Жасын Біркенов.

Сондай-ақ оқиға орнындағы тілшінің сөзінше, таңнан басталған бейбіт шеру тыныш өтіп жатыр. 

Алаңда 500-ге жуық адам жиналған. Адамдар ақырындап жиналып жатыр. Бұл тарапта қоғам белсенділері де өз жұмыстарын атқарып жатыр. Олар Алматыдағы келеңсіз оқиғаларды мысалға келтіріп, ондай жағдайға апармау керектігін айтуда. Қала тыныш. Алайда көптеген мекеме жұмысын тоқтатқан. Қолма-қол ақша алуда қиындап кеткен, – деді Ақтаудағы "Қазақстан" телеарнасының тілшісі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы