Ақтауда 5 жасар бала өрттен құтқарылды

Ақтау қаласындағы 11-шағын ауданының 7-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі 10 наурызда Астана қаласының уақытымен сағат 00:06-да Ақтау қаласындағы 11-шағын ауданның 7 қабатты №19 үйдің 7-қабатындағы пәтердің жануы туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына жеткеннен кейін, пәтердің жатын бөлмесінеде жиһаздың (кроваттың) жануы анықталды. Пәтердің жалпы ауданы 50 шаршы метр, жану ауданы 15 шаршы метр.  

Құтқарушылар аталған пәтердегі 2017 жылғы кішкентай баланы қауіпсіз жерге шығарып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сағат 00:41-де сөндірілді.

Оқиға орнына жеке құрамнан 11 қызметкер, 4 дана техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды.  Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Департамент өрттердің алдын алу және олардың салдарын азайту мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Тұрғын үй секторында 19 000 азаматты қамтыған 2 500 астам аула аралау жүргізілді, онда тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Stan.kz
Өзгелердің жаңалығы