Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тергеу басталды

Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аурудың топтық жағдайы, жіті ішек инфекциясы, гастроэнтерит туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта басқарма мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, аурудың мән-жайын анықтап жатыр, – делінген басқарма мәліметінде.

Әзірше ауызашар берілген мейрамхананың аты белгісіз. Мамандар тергеу жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 50-ге жуық медицина қызметкері шаһардағы мейрамханалардың біріне ауызашарға барып, олардың 16-сы астан уланғанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы