Ақтауда 15 миллионға орнатылған жасанды қызғалдақтар жарамсыз болып тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 15 миллион теңгеге орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қазір қаңырап бос тұр деп хабарлайды CaspianLife.
Былтыр қазан айында қала әкімдігі арнайы тапсырыспен пластик гүлдер еккен еді. Шенеуніктер жасанды гүлзар түнде жарық шамдарымен безендіріліп, қалаға көрік береді деп сендірген. Алайда миллиондар жұмсалған жасанды гүлдердің көп ұзамай тоқтары үзіліп, мүлдем жарамсыз болып қалды.
Қызғалдақтар алқабы кәдеге аспаған соң оның орнына пластик көгал қойылған. Бірақ, ол да балалардың ойын алаңына айналып, бұрынғы кебін қайта киген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәслихат жиыны облыс активіне ұласты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы