Ақтауда 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

Білім күнінде Ақтау қаласындағы 31А шағынаудан тұрғындары асыға күткен мектеп ашылды. Білім ордасында балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

1200 балаға шақталған мектепте 48 оқу кабинеті, 4 оқу шеберханасы, 6 компьютерлік сынып, 1 спорт зал, 256 орынға арналған акт залы және 120 орынға арналған асхана, кітапхана, 10 орынға арналған оқу залы, медпункт және егу кабинеті бар. Аталған мектепте 2 ауысымда 2110 оқушы оқиды, оларға 141 мұғалім сабақ береді. Барлығы конкурс арқылы қабылданған. 

 Президент 2025 жылға дейін кемінде мың мектеп салуға тапсырма берді. Бұл кәсіби оқытушылар құрамы және балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктері бар заманауи, техникалық жарақтандырылған білім беру ұйымы болуы тиіс. Облыста үш аусымды оқыту мәселесін шешеу үшін қазан айында Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында 600 орындық тағы бір жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарда. Жаңа оқуы жылында баршаңызға табыс, шыдамдылық тілеймін. Балаларымыздың зейіндері ашылсын, - деді облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров. 

Мектеп жаңа оқу жылында 2400 баланы қабылдауды жоспарлап отыр. Жаңа мектептегі бірінші сынып оқушыларының саны 258. Олар 11 сыныпқа бөлінген. Сондай-ақ тұрғындардың сұрауымен дайындық тобы да ашылған. 

Дайындық тобына 12 сынып ашылды. Қабылданған бала саны 375. Бұл сыныптарды ашуға ата-аналардың сұранысы себеп болды. Сондықтан тұрғындар үшін арнайы аштық- дейді Ақтаудағы № 30 жалпы білім беретін мектеп директоры Гүлнәр Тұрбеков. 

Ал Мұнайлы ауданында үш жекеменшік мектеп ашылды. Бірі - Атамекен ауылындағы Ы.Алтынсарин қазақ ұлттық мектеп-лицейі, Маңғыстау ауылындағы «Zerek» бастауыш мектебі және Қызылтөбе ауылдық округінен ашылған «ALT» мектеп-лицейі. 

Ы.Алтынсарин қазақ ұлттық мектеп-лицейі 800 оқушыға арналған. Бірім ордасының басты ерекшелігі - оқушылар үй тапсырмасын мектепте мұғалімнің бақылауында орындайды. Ал бос уақыттарын тиімді өткізу үшін  бірнеше үйірме жұмыс жасайды. Тілдік курстар да бар тіпті ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін Америкадан білікті мамандар шақыртқан. 

Мектепте 10-11 сыныптардың оқуына ерекше назар аударады. Жоғары сынып оқушыларының  ҰБТ-ға жүйелі дайындалып,  қалаған оқу орнына грантқа түсуге көмектескіміз келеді,- дейід мектеп басшысы Ғазизбек Титанов.

Мектеп басшылығы балаларды ынталандыру мақсатында оқу жылының соңында мектептің үздік оқушыларына бағалы сыйлықтар тағайындамақ. Сондай-ақ үздік сыныптарды кинотеатрға, теңіз жағасына немесе облыс маңындағы тарихи құндылықтары терең әсем жерлермен таныстыру  жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы