Ақтауда 10 ай ішінде жиырмадан астам көлік отқа оранды
Ақтауда жыл басынан бері 23 автокөлік жанып кеетіп, олардың отқа орануы төтенше жағдайлар саласы мамандарын алаңдатып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақпараттың жазуынша, Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелеріне шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері 23 көлік өртенді. Осыған орай көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жатырмыз. Көлікке отырмас бұрын, алдын ала жай-күйін тексерсе екен дейміз. Көліктің техникалық ақауларын анықтап, тоқ-сымдары тұйықталып қалған жағдайда машинада өрт сөндіру құралдарының болуы керектігін айтып жатырмыз, - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қайсар Нұрманов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Өзгелердің жаңалығы