Ақтауда 1 келі есіріткіні "жұтқан" шетелдіктер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы 21 ақпанда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.          

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.

Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.

Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы