28 Мамыр 2024 2024, 06:18 Фото: скрин

Ақтау тұрғынынан заңсыз оқ-дәрі табылды

Ақтауда 27 шағын аудан тұрғынынан заңсыз оқ дәрі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтауда 27 шағын аудан тұрғынынан заңсыз оқ дәрі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облыстық полиция басқармасының айтуынша, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды, - дейді МО полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллақызы.