Ақтау тұрғындарының коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асқан

Ақтау қаласы тұрғындарының коммуналдық қызметтер үшін берешегі 2 миллиард теңгеден асып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК мәліметінше, халықтың «МАЭК» ЖШС алдындағы қарызы – 1 млрд 769 млн теңге, ал «ҚЖСА» МКК алдындағы берешек – 293 млн теңгеден асады.

Кәсіпорын өкілдері коммуналдық төлемдер ай сайын 25-іне дейін төленуі тиіс екенін ескертті. Белгіленген мерзімде төлем жасалмаған жағдайда қызметтерді шектеу, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу және өсімпұл есептеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Еске салайық, ауыз су, техникалық және ыстық су, сондай-ақ жылу энергиясы үшін төлемдер «МАЭК» ЖШС-не, ал су бұру, сумен жабдықтау және жылыту қызметтері үшін «Каспий жылу, су арнасы» МКК-не жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы