Кеше 2026, 21:45
Фото: gov/kz
Ақтау қаласының аумағы төрт есе ұлғаяды
Қаланың аумағы қазіргіден төрт есе ұлғайып, 124 491 гектарға жетеді.
Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласының аумағы қазіргіден төрт есе ұлғаятын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкімет пен Маңғыстау облыстық мәслихаты бірлесе қаулы әзірлеп, оны үкіметтің сайтына жүктеген.
2026 жылдың 10 наурызындағы № 26/309 Маңғыстау облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен 2026 жылғы 16 ақпандағы № 28 Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысының жалпы ауданы 94642,2062 гектар жерінің бір бөлігін осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының шекарасына енгізу арқылы Ақтау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы келісім берілсін, – деп жазылған Үкімет қаулысында.
Осылайша, қаланың аумағы қазіргіден төрт есе ұлғайып, 124 491 гектарға жетеді.