Ақтау қаласында теңізден әйелдің денесі табылды

Ақтау қаласында теңізден әйелдің денесі табылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ТЖД құтқарушылары теңізде адамның денесі жатқаны туралы хабарлама түскенен кейін дереу оқиға орнына жеткен.

Қазіргі таңда арнайы қызмет жасағы оқиға болған жерде жұмыс істеуде.

Сүңгуірлердің жедел-құтқару тобы киімі бар әйелдің денесін су астынан шығарды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хзабарлады Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Алдын ала болжам бойынша, әйел суицид жасаған болуы мүмкін. Оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы