9 Қазан 2026, 08:21
Фото: depositphotos.com
Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты
Бұл Каспий теңізі арқылы жүзеге асырылатын контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.
2026 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU контейнер ауыстырып тиелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 80%-ға жоғары.
Қол жеткізілген нәтиже Ақтау порты үшін жаңа рекордтық көрсеткіш болды. Бұл Каспий теңізі арқылы жүзеге асырылатын контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Оң динамикаға Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк ағыны көлемінің ұлғаюы, бағыт бойындағы контейнерлік инфрақұрылымның дамуы, сондай-ақ жүктерді теміржол арқылы тасымалдау және портта өңдеу мүмкіндіктерінің кеңеюі ықпал етіп отыр.