Ақтау-Мұнайлы тас жолындағы жол апатында үш адам өртеніп кетті

Жанып жатқан көліктердің видеолары әлеуметтік желілерде тарады. ТЖМ хабарлағандай, оқиға Маңғыстау облысында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, апат Ақтау - Мұнайлы тас жолында болған.

8 қыркүйекте сағат 15:35-те 112 кезекші пультіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті. Автомобиль жолында Mitsubishi Montero жеңіл автокөлігі мен Камаздың бетпе-бет соқтығысқаны хабарланды. Апат салдарынан екі көлік толығымен өртеніп кеткен. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері сағат 16:19-да өртті сөндірді, - деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келгенде көліктер өртеніп жатқан.

Mitsubishi көлігінде өртті сөндіргеннен кейін үш адамның күйген денесі табылды. Екінші көлікте қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы хабарланбады. Оқиға орнына жеті адам және екі арнайы техника шықты, - деп толықтырды ТЖМ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы