Ақтау мен Орал аралығында 7 мың теңгеге ұшып жүруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FlyArystan 27 қазаннан бастап Ақтау-Орал жаңа әуе рейсін ашады. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Билеттің бағасы 6 999 теңгеден басталады. Рейстер аптасына 3 рет жүзеге асырылады. Жаңа бағыт бойынша Airbus A320 лайнерлеріндегі тұрақты рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Ұшу уақыты – 1,5 сағат. 

Жаздың басынан бастап біз еліміздің батыс аймағында 12 әуебағытын аштық. Ең танымал бағыттардың қатарынан Ақтау-Орал-Ақтау жаңа маршрутын көргіміз келеді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды рейс деп санауға болады. Каспий маңы мен БҚО-ның басты қаласының тұрғындары бұл қызметті жоғары бағалайтынына сенімдіміз және рейстің бағалары қолжетімді болады, - деп атап өтті FlyArystan әуекомпаниясының директоры Жанар Жайлауова.
Жалпы, 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі саяхат билеттерін әуекомпанияның веб-сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы арзан бағаға алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы