Бүгiн 2026, 15:07 Фото: Lada.kz

Ақтау маңындағы Каспий жағалауынан аққулардың жаппай қырылып жатыр

Табылған құстардың арасында жуырда ғана өлгендері де, біраз уақыттан бері жағалауда жатқан аққулар да болған.

Ақтау қаласына жақын орналасқан Сайын Шапағатов ауылындағы Каспий теңізі жағалауынан көп мөлшерде қырылған аққулар табылды. Бұл алаңдатарлық әрі тосын жағдайға қазақстандық режиссер Қанат Майлыбаев назар аударған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 23–24 наурыз күндері досының үйіне қонаққа келіп, теңіз жағасына серуендеп шығуды ұйғарған. Себебі үй жағалауға жақын орналасқан. Серуен барысында ол жағалаудан көптеген өлі құсты байқаған.

Мен қатты шошып кеттім: бұрын-соңды мұнша көп қырылған аққуды көрмеген едім. Мүмкін, мені осы жан түршігерлік жағдайды көру үшін Құдайдың өзі жіберген шығар, — дейді Майлыбаев.

Ол табылған құстардың арасында жуырда ғана өлгендері де, біраз уақыттан бері жағалауда жатқан аққулар да болғанын атап өтті. Сонымен қатар бұл аумақта тұрғын үйлердің өте аз екенін, сондықтан болып жатқан жағдайға ұзақ уақыт бойы ешкім назар аудармаған болуы мүмкін екенін айтты.

Режиссер осы өңірде теңіз суының қатты тартылып кеткеніне де назар аударды. Соның салдарынан адамдар бұл жағалауға сирек келуі ықтимал.

Оның сөзінше, жағалаумен әрі қарай жүрмей-ақ, алыстан тағы да көп мөлшерде қырылған құсты көруге болған.

Қанат Майлыбаев бұл оқиғаға қоғам назарын аударуды көздеп, Каспийдегі жануарлардың қырылуы мәселесін көтеру үшін деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Бұған үнсіз қарауға болмайды. Жыл өткен сайын итбалықтардың, аққулардың және басқа да құстардың саны күрт азайып бара жатқанын көріп жүрміз, — деп атап өтті ол.