17 Қаңтар 2026, 22:26
Фото: Скриншот
Ақтау маңында газ тасымалдаушы көлік аударылды: жүргізушіге айыппұл салынды
Ақтау–Жетібай автожолында газ тасымалдаушы жүк көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау–Жетібай автожолында газ тасымалдаушы жүк көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 16 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында болған. Қолайсыз ауа райы жағдайында тіркемесі бар DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қоршауға соғылып, нәтижесінде көлік бүйіріне аударылған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Цистернаның бос болғаны анықталып, газдың ағуы немесе өрт қаупі туындамаған.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі арнайы техника көмегімен көтеріліп, жолдан шығарылды.
1994 жылы туған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47
- «Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 16:11
- 11 шілдедегі доллар бағамы: Астана мен Алматыдағы айырбастау бағамы жарияланды 15:50
- Калифорниядағы орман өрті 650 гектар аумақты шарпыды: тұрғындар эвакуацияланып жатыр 15:19