Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
Қазақстанға іссапармен келген Орталық Азия мен Қытай журналистері еліміздің өңірлерін аралап, жергілікті мәдениет пен тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысты. Бұл жолы БАҚ өкілдері Ақтаудағы өндірістік нысандарды ғана емес, қаланың өзіндік ерекшеліктерін де көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтау қаласы – Каспий теңізінің жағасында орналасқан ерекше әрі тыныш қала. Мұнда көгілдір теңіз сулары мен таза дала ауасы үйлесіп, ерекше бір жайлылық пен үйлесім береді. Қаланың аты – "ақ тау" деген мағынада, шын мәнінде, оның маңындағы жартастар күн сәулесінде жарқырап, ерекше көрініс сыйлайды.
Ақтаудың тарихы 1960 жылдардан бастау алады, мұнай кен орындарын игерумен тығыз байланысты.
Ақтау қаласы бұрын Шевченко деп аталған. 1991 жылы тәуелсіздік алған соң, "Ақтау" деген атауға ие болды. Бұл – Маңғыстау облысының орталығы әрі Каспий теңізіне жақын орналасқан маңызды порт қала.
Мұнай-газ саласы дамығанымен, Ақтауда заманауи үйлер, кең көшелер, жасыл саябақтар бар. Қала тұрғындары мен қонақтары теңіз жағасында серуендеп, күннің батуын тамашалағанды ұнатады.
Таңертеңгі Ақтау ерекше тыныш әрі сергітеді. Каспий толқындары бір сәтке де дамыл таппай, жағалаудағы адамдарды теңіз самалы қарсы алады. Бұл сәт – Ақтауға ғана тән ерекше кеңдік пен тыныштықтың символы.
Ақтау – Қазақстандағы жоспарлы түрде салынған сирек қалалардың бірі. Мұнда көшелер атау емес, нөмірмен белгіленеді. Мысалы, 3-шағын аудан, 17-үй, 14-шағын аудан және т.б. Бұл жүйе жергілікті тұрғындарға өте ыңғайлы әрі түсінікті.
Кешке қарай Ақтаудың келбеті мүлде өзгереді.
Аспан қызыл, қызғылт, күлгін түстерге боялып, күн Каспийге баяу сіңіп бара жатқандай әсер қалдырады.
Бұл – көрген көзге ерекше сезім сыйлайтын тамаша көрініс.
Ақтаудың тағы бір қызықты жайлары
- Қаланың айналасында шөлді және жартасты табиғи ландшафт орналасқан – бір жағында шөл, бір жағында теңіз.
- Жер асты сулары тапшы болғандықтан, ауыз су көршілес елдерден құбыр арқылы жеткізіледі.
- Ақтауда теңіз суын тұщыландыратын ірі кешен жұмыс істейді – Қазақстандағы ең үлкен тұщыландыру зауыты.
- Ақтау порты – Каспий жағасындағы ең маңызды көлік тораптарының бірі, теңіз арқылы жүк тасымалы жақсы дамыған.
- Қаладағы "360 градус Ақтау" көрінісі – биіктіктен қарағанда, жартастың үстіндегі геометриялық оюға ұқсайды.
Еске сала кетейік, бұл баспасөз турын Қытайдың жетекші ақпарат құралдарының бірі — "Жэньминь жибао" газеті ұйымдастырды. Бұған дейін шетелдік журналистер Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында болды. Сондай-ақ Ақтауғадағы битум зауытының жұмысымен де танысты.
Сондай-ақ іс-шара маусым айында Астанада өтетін "Орталық Азия – Қытай" саммитінде аясында өткізіліп отыр.