Ақтау Дубай сияқты дамитын болды
ОКҚ-да өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау шетел қалалары үлгісінде дамитынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтауды Баку мен Дубай қалаларының үлгісі бойынша дамыту үшін бас жоспарға өзгеріс енгізілді. Жоспарға сай қалада 10 мың орындық стадион, теңіз вокзалы, "Әуенді домбыра" сәулет құрылысы мен жаңа жағажай сынды нысандар бой көтереді деп күтіліп отыр, - деді өңір әкімі брифингте.
Ол Маңғыстау облысының дамуына ықпал ететін жобаларды қолдаған Мемлекет басшысына, Үкіметке Маңғыстау жұртшылығы атынан алғысын білдірді.
Бұған дейін алдағы жылдары Маңғыстау өңірі қалай өзгеретінін жаздық.
Сонымен қатар өңірде туризм саласына қандай көңіл бөлінетінін хабарладық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Болашақта Маңғыстауда не өзгереді?
Келесі жаңалық
Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады
Өзгелердің жаңалығы