Ақтау бағытындағы ұшақта дәрігер спортшының өмірін аман сақтап қалды

Реабилитолог, остеопат  Айгүл Хайруллақызы ұшақта болған оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айгүл Хайруллақызы Ақтауға екі күнге барған. 

Ұшақта қызықты жағдай болды. Ұшу саған 7-55-те болғандықтан тіркеуден 1-1,5 сағат алдын ала өтуім керек болды. Сол үшін әуежайға ерте тұрып бардым. Күту залында отырып, өз рейсіме соңғы болып кірдім. Ұшу қалыпты болды. Бір  кезде «Дәрігерлер бар ма?» деген бортсеріктің дауысы шықты. Мен жан-жағыма қарап, әріптестерім бар екен деп ойладым. Ешкім жауап бермеген соң, өзімнің дәрігер екенімді айттым, - деді Айгүл Хайруллақызы.

Оның айтуынша, ол реабилитолог, остеопат екен. 

Дәрі қобдишасында дәрі болмаған кезде өзімді мұнша жауапты екенімді алғаш рет сезіндім. Грузияға жарысқа ұшып бара жатқан жас спортшының қысымы көтеріліп, ұйқысыздық пен тынымсыз жаттығудан басы айналып, көзі қарауытқан. Оның басы ауырып, қол-аяғы ұйып қалған. Оны үш орындықты созып жатқызып, күретамыр синусын жасап, барлық дене нүктесін басумен болдым. Мойыннан бастап иық және қолға дейін уқаладым. Осылай қанша уақыт өткізгенімді білмеймін. Менің науқасым үндемей жатыр екен. Жағдайын сұрап едім, көзін ашып, қалыпқа келгенін айтты. «Көз қорқақ, қол батыр» деген осы шығар. Өзімнің жүрегім қуаныштан жарыла жаздады. Оның есімі Мақсат екен. Мен өз ұстаздарымды мақтан тұтамын, қоғам үшін игі іс істеп жатқаныма сенемін, - деді дәрігер. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы