Ақтау әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі

Алдағы екі ай көлемінде Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты әуежай қыркүйектің бірінен бастап дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейінгі аралықта жұмыс істемейді. Қалған уақытта әуе рейстерін қабылдайды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары 30 қыркүйек пен 20 қазан аралығында дәл осы кестемен сейсенбі және жұма күндері жалғасады. 

Әуежайдың бас директоры Меруерт Жолдыбаеваның айтуынша, ұшу-қону алаңын жөндеу ұшақтар мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ой-шұңқыры бітелген болатын. Биыл ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарладық. Осыған орай әуежай жұмыс кестесінің өзгеретіні туралы әуе тасымалдаушыларға алдын ала хабарланды. Бұған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі біз үшін жолаушылардың қауіпсіздігі аса маңызды. Ұшу алдында әуе компаниясы өкілінен ақпаратты алдын ала нақтылап алған жөн, - деп хабарлады Ақтау халықаралық әуежайының бас директоры Меруерт Жолдыбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы