Ақтау әуежайында такси жүргізушілері бірыңғай киім киді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жолыңыз түсіп, киелі Маңғыстау өңіріне бара қалсаңыз Ақтау халықаралық әуежайында бірыңғай көгілдір түстегі күрте киген ер адамдарды көресіз.
Әуежайдан Ақтауға дейін такси құны 1500-2000 мың теңгені аралығында. Жолаушылар кеңестік дәуірде құрастылған жеңіл көліктен бастап шетелдік машиналардың таңдауы түскеніне қарай мінеді.
Такси айдап, табыс тауып жүрген азаматтардың бірдей күрте киюі биылғы жылдың наурыз айында байқалды. Олар өзара келісіп, сырт киім тіктірген.
Әуежай есігі алдында жолаушы күтетін такси жүргізушілерімен қонақ күту мәдениетін сақтау туралы келісім бар. Оларға күртені ешкім берген жоқ. Әркім өз қаражатына тіктіргенге ұқсайды. Есесіне, қазір жағдай біршама өзгерді. Өзге мемлекеттегідей арнайы форма мен бас киім киіп тұратын такси жүргізушілерінде болмаса да, бір рет олардың қызметін қолданған адам келесі жолы тез тауып, өзі қалаған көлігіне отыруға мүмкіндік жасалғаны сөзсіз, - дейді Ақтау халықаралық әуежайының қызметкерлері.