3 Қараша 2024 2024, 15:31
Ақтау әуежайы бірнеше рейстің кешігетінін ескертті
Ақтау халықаралық әуежайында жолаушыларға бірден бірнеше рейстің кешігетіні туралы ескертілді
Ақтау халықаралық әуежайында жолаушыларға бірден бірнеше рейстің кешігетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әуе айлағының онлайн-таблосында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, Бакуге, Астанаға және Атырауға ұшатын, сондай-ақ Астанадан келетін рейстер кешіктіріліп жатыр, деп жазады lada.kz.
Бұған себеп - қолайсыз ауа райы. 2024 жылдың 3 қарашасына қараған түні Ақтауды тұман басты. Қону-ұшу ауа райының жақсартуына қарай біртіндеп қайта жаңғыртылуда, деп хабарлады әуежайдан.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 2024 жылы 3 қарашада Ақтауда тұман болады, аспан бұлтты, бірақ жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Ауа температурасы: +12 С°.