Ақсудың қызылшадан өнімі аз
Былтыр Ақсу ауданы тәтті түбірден облыс бойынша төмен нәтиже көрсетті. Яки, әр гектарынан 267 центнер өнімнен алған. Ал жалпы өңірде бұл көрсеткіш 431 ц/га құрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақсу қант зауыты аяқ алысы қалай?
Ақсу қант зауыты алға шықты деп айтуға әлі ерте секілді. Оны жергілікті шаруалар да айта алады. Осы тұста екі мәселенің ұшы шығып тұрғандай. Оның бірі шикізат тасымалдауға арналған теміржол желісінің жоқтығы болса, екіншісі – көгілдір отынның қосылмауы. Мұның не пайдасы бар десеңіз, алдымен теміржолға назар салыңызшы. Шетелден қант құрағын молынан жеткізу үшін жүк пойыздары ауадай қажет. Бұл істі ілгерілетеді. Ал, үлкен зауыт әлі күнге мазутпен іске қосылады. Мазут қымбат отынның бірі. Өз кезегінде кәсіпорынға артық шығын ретінде де кедергі келтіреді. Осының бәрі қант бағасына әсер ететін факторлар. Дегенмен зауыт былтыр бағаны бірқалыпты ұстауға тырысты.
Аталған өндіріс орны қалдықсыз өнім өндіретін бірден бір зауыт ретінде тіркелген. Тәтті түбірдің қантқа жарамсыз бөлігінен мал азығын дайындайды. Мәселен, қант қызылшасы қалдығынан сығылған жомды полиэтиленмен қаптап, сатуға шығарған. Былтыр бір орамасы шамамен 6-7 мың теңге көлемінде болған еді. Бұл өз кезегінде сиыр малын бордақылауда құнарлы азық ретінде жүреді.
Зауыт тек қант қызылшасын ғана емес, қант қамысын өңдеуде де мүмкіндігі зор. Былтыр біз бұл бағытта өнімді жұмыс істедік. Зауыт жылдан жылға даму үстінде. Осы өңірдегі азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Маусымда 500 адамға дейін еңбек етеді. Қыс айларында мамандардан айырылып қалмау үшін арнайы еңбекақы береміз. Осы күні егіс көлемі артты. Биыл шаруалар былтырғыдан да мол өнім алады деп болжап отырмыз. Бәрі ойдағыдай болса зауыт бұрынғы қалпына келеді деп ойлаймын, - дейді зауыт басшысы Самат Нәдірбаев.
Бүгінде қант қызылшасынан мол өнім алуға бірнеше факторлар әсер етеді. Соның бірі судың мол жетуі. Осы мақсатта ауданда каналдарды тазарту һәм тарту және су желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ирригациялық желілер мен құрылыстарды салу бағытында ауданда 2 ірі жоба қолға алынған. Оған жауапты – «Қазсушар» ЖШС компаниясы. Көпке аян, осыдан 5 жыл бұрын Ислам Даму Банкі қаражатының есебінен су жүйелерін жаңарту жұмысы басталған. 2 жыл ішін жоба аяқталып, шаруаларға су жетуі міндеттелген. Алайда бұл іс толығымен тамамдалмады. Бізге берген мәліметке сүйенсек, бүгінде 60 пайызы ғана орындалған. Мердігер «Тамас» ЖШС нысанды аяқтау мерзімін жыл сайын ауыстырып, жұмысты дұрыс жүргізбеген екен.
Өкінішке қарай, мердігерлердің немқұрайлы әрекеті молынан өнім өңдіру оңынан жүрмей жатыр. Қызылағаш суару массивінің құрылысына былтыр республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған. Жоба шартына сай ұзындығы жүз шақырымды құрайтын жаңа суару желілерін салынады. Осылайша 5,3 мың гектар жаңа суармалы жер шаруалардың үлесіне тиеді.
Былтыр Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев, келер жылы, яки биыл 80 жуық шаруашылық тәтті түбірді егуге ниет білдіріп отырғанына жеткізген. Өткен жылы өңірде 40 шаруа иесі қант қызылшасымен айналысқан еді. Осы уақытта 2 мыңнан астам гектар жерге төл дақыл егіліп, шаруалар өнімді молынан алуға бел байлап отыр. Шағын елді мекендегі тұрғындардың да қант қызышасын егуге құлшынысы артқан. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы шама-шарқынша тұқым, жағармай, минералды тыңайтқыш, техника жағынан көмек көрсетіп жатыр. Көксу мен Ақсу қант зауыттары биыл толықта өнім қабылдап алуға әзірленуде. Жақында аудан тұрғындарымен кездескенде облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған зауытқа үш ауданның шаруалары шикізат өткізетіні айтты.
Ақсуда көктемгі дала жұмыстары жүйелі түрді жүрді. Бүгінде мәресіне жетті десек болады. Ақсу қант зауыты үлкен кәсіпорын екені белгілі. Мемлектеттен 13 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Осы жылы Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандары 5,7 мың гектар жердегі қант қызылшасының өнімін осы зауытқа өткізеді. Бұл ретте жергілікті шаруалардың үлесі 2,2 мың гектарды құрамақ. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге дейін артық, - деді Б.Исабаев.
Суармалы жерді көбейту қажет
Өңір әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне иек артсақ, былтыр 1 013 ауыл шаруашылығы субъектілеріне 3,1 млрд теңге көлемінде субсидия берілген. Одан бөлек «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 500 млн-нан астам қаржыға 94 шағын несие үлестірілген. Жоба шеңберінде Б.Сырттанов ауылдық округінде 1 кооператив ашылып, бүгінде жұмысы ілгерілеп келеді. Қазір ауданда кооперативтік жұмыстың маңыздылығы туралы үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр.
Мол өнім алу үшін суармалы жерді көбейткен жөн. Қазір ауданда қызылша шаруашылығын қолға алуға ниетті жігіттер өте көп. Оларға әрине суармалы жер қажет. Онсыз іс өңбейді. Мемлекет пен облыс тарапынан көмектісіп жатыр. Әрекет еткен шаруалар молынан табыс тауып та жатыр. Өнімнің аз болуының түрлі себептері болады. Ауа райының салдарының кейбір шаруалар шикізатын уақытында жинай алмай қалады. Кейбіріне су жетпей, салмақ бермейді. Биыл былтырдан қарағанда жақсы болады деп ойлаймын, - дейді шаруа иесі Азамат Әнуарұлы.
Былтыр ақсулық шаруалар қанша тырысқанымен жалпы көрсеткішке келгенде гектарына шаққанда 300 центнерге жете алмады. Ал облыстың нәтижесі гектарына 431 центнерден айналды. Әрине, бұл өте жоғары көрсеткіш. Тек Ақсу ауданы ғана төмен нәтиже көрсеткен. Сондықтан биыл суармалы жерді барынша ұлғайтуды қолға алып отыр. Бейбіт Исабаев аудан әкімдігіне өнімділікті арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Оның үстіне, тәтті түбірге ынтасы ауған қожалықтарға мемлекет қай жағынанда қолдау көрсетіп тұр.
Шаура иелері қажетті тұқыммен қамтасыз етілді. Осы жылы 7 шаруа қожалығы қосылып, тәтті түбір бағытындағы 3 сервистік-дайындау орталығы ашылды. Оларға 421 млн теңгеге 13 сепкіш алынып, шаруа қожалықтарына үлестірілді. Сондай-ақ «Жетісу» ӘКК АҚ арқылы лизингіге 2 комбайн, 2 жапырақшапқыш алынды. Қосымша 5 текхника жаз айында сатып алынады. Ең маңыздысы аудан су үнемдеу технологиясымен шаруалар жіті таныс. Биыл осындай жаңа технологияны 16 шаруа қожалық 2 107 га жерде пайдаланып жатыр,- дейді өңір басшысы Б.Исабаев.
Жоғарыда қант қызылшасынан жасалаған жоммен мал бордақылауға мүмкіндік мол деген едік. Әйткенмен мал шаруашылығында бордақылау алаңдарының жүктемесі көңіл көншітпей отыр. Осы салаға тиесілі 9 нысанның жүктемесі бүгінде бар болғаны 22 пайызды ғана құрайды екен.