Ақсудағы былық: шенеуніктер салынып бітпеген пәтерлерді әлеуметтік тұрғын үй ретінде сатып алған
2025 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы тұрмысқа жарамсыз 24 пәтердің әлеуметтік осал азаматтарға арналған тұрғын үй ретінде сатып алынғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ақсу қалалық құрылыс бөлімі бұл пәтерлерді сатып алған кезде олар толық салынып бітпеген, азаматтардың тұруына жарамсыз күйде болған.
Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке 50 миллион теңгеден астам залал келген.
Ақсу қаласының ауданаралық соты бұрынғы мемлекеттік қызметкерді қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкелгені үшін 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, - делінген облыстық прокуратуратың хабарламасында.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қадағалау актісінің негізінде анықталған заңбұзушылықтар жойылып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар баспанамен қамтамасыз етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы