Ақсуда жұмысшыларды күйік шалды: Полиция оқиғаның себебін атады
Ақсудағы ферроқорытпа зауытының 3 қызметкерін термиялық күйік шалуына қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға салдарынан зауыт жұмысшылары зардап шеккен.
Ферроқорытпа зауытының үш қызметкерін термиялық күйік шалған. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр. Ал үшіншісі амбулаториялық жағдайда емделуде.
Полицияның алдын ала дерегінше, балқыту цехындағы пештердің бірінен шихталық материалдар төгілген. Тергеу оқиғаның еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзудан болуы мүмкін екенін болжады.
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы