Ақсуда су құбырына бөлінген ірі көлемдегі қаржыны жымқырғандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актісіне орындалғаны жөнінде қол қойған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі аумақтық департаменті су құбырын қайта жаңғыртуға бөлінген 340 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 млн теңгеге материалдық залал келтірілді, бұл аса ірі көлемдегі сома болып табылады, - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ақсу қалалық соты Қазақстан Республикасының Президентіне Мұздыбаевты мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізе отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековке қатысты 9 жыл бас бостандығынан айыру, Нұртазинге қатысты 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы