Ақсуда өрт сөндірушілер көппәтерлі үйдегі өртті сөндірді

Павлодар облысының Ақсу қаласында Әуезов көшесінің бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші және бесінші қабатында орналасқан төрт балкон жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілердің шебер және жедел әрекеттерінің арқасында өрттің пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрт 15 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы