Ақсуда мопедпен «Газельге» соғылған жасөспірімдер ауруханаға түсті
Оқиға кешкі уақытта болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 18 тамыз күні сағат 20:15-те Ақсу кентінде 8 наурыз көшесіндегі үйдің жанында орын алған.
«Альфа» маркалы мопедтің кәмелеттік жасқа толмаған жүргізушісі қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен 1983 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Газельге» соғылған. Оқиға салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.
Департаменттің хабарлауынша, мопед арнайы айып тұрағына қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Футболдан «Super Bol» жобасының жеңімпазы анықталды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы