Ақсуда баланы ұрған балабақша тәрбиешісі қызметінен босатылды
Ақсу қаласындағы №16 балабақшада тәрбиешінің балаға қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға биыл наурыз айының соңында орын алғанымен, бейнежазба жуырда әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан тәрбиешінің серуеннен қайтып келе жатқан балаларды итеріп, бір баланы ұрғаны анық байқалады.
Бұл жайтқа байланысты қалалық білім бөлімі ресми түсініктеме берді.
Аталған жағдай педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Тәрбиешіден түсіндірме алынып, балабақша басшысының бұйрығымен ол теріс себептермен жұмыстан босатылды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылып, сөгіс алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы