Ақсуда әйелдер төбелесті
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түн ортасына қарай Ақсу қаласының полициясына көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары полицейлерге төртінші қабаттағы тамбурдың көршілерінің арасында ұрыс-керіс болып жатқанын хабарлаған.
Тәртіп сақшылары мекенжайға келгенде әйелдер жанжалы қыза түскен. Тек тәртіп сақшыларын байқаған соң тынышталған. Бір пәтердің тұрғындары спирттік ішімдіктер ішіп, табиғат аясында дем алған. Сағат 23.30-да үйге оралған кезде тамбурдың кіреберіс есігін жаппаған. Осыдан әйелдер арасындағы жанжал туындаған, - деді департаментте.
Екі адамның арасындағы жанжалды көршісі есіктің көзәйнегінен сығалап, көріп тұрған. Ол тамбурға шығып, көршілеріне ескерту жасап, тыныш сөйлесуді өтінген, себебі балалары оянып кетеді деп уайымдаған. Ал әйелдер оған агрессивті түрде жауап беріп, дөрекі жауап қайтарған. Әйелдер арадағы жанжал барысында бір-біріне дене жарақатын салған.
Сондай-ақ әйелдер бір-біріне шағымданып полицияға арыз жазған. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабына сәйкес әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айта кетерлігі, осы тектес оқиғалар жиілеп кеткен. 2022 жылы Павлодар облысының 4881 тұрғыны отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған.