Ақшолақов Степногорск қаласының энергокешеніне барды

7 қаңтарда ағымдағы жылыту маусымының өтуін бақылау шеңберінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов Степногор ЖЭО-ға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЖЭО басшылығы министрді объектідегі ағымдағы жағдай, резервтік жабдықтар мен отын қорларының болуы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ «Степногор жылу транзиті» ЖШС-ның басшылығы жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы хабарлады.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың және Министрлік пен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшылығының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде өзекті мәселелер қаралды.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов «Престиж» газетінің тілшісі Виктор Молодовскиймен және Степногорск қаласының блогері Артем Сочневпен кездесу өткізіп, жұртшылық көтерген өзекті сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы