Ақшолақов Қазақстанда АЭС салынатын екі өңірді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда АЭС салуға қай жер көзделіп отыр?
Бұл сұраққа орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді.
АЭС-тің қажеттілігі анық. Алайда, ең алдымен, АЭС-ті зерттеу жұмыстарын да аяқтаумыз керек. Дайындалатын жоспардың ішінде қай жерге орналасатыны туралы нақты қаралады. Жалпы Кеңестік кезеңнен бастап зерттеу жасалған. Бірақ кейін келе ол жерлерге көңіл аударылмаған. Әрине, нақты салынады деп айтуға келмес. Қазір АЭС-ті салуда біз екі жердің орнын жоспарлап отырмыз. Ол Балқаштың Үлкен деген ауданында не болмаса Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы деп жоспарлануда. Әрине, қосымша зерттеу жұмыстары мен тұрғындардармен келісім жұмыстары жүргізіледі, - деді Болат Ақшолақов.
Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта 31 ел атом электр станцияларын пайдалануда.
2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салыну сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ын құрап отыр, -деді ведомства басшысы.