Ақшолақов өздігінен орнатылған бактары бар көліктің Қазақстанға кіруіне тыйым салуды ұсынды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.

Министрлік Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы көрші елдермен салыстырғанда бағалардың бірдей болмауына байланысты жанар-жағармай материалдары ағындарына бақылау жүргізу бойынша қосымша шаралар ретінде мыналарды ұсынады: өздігінен орнатылған бактары бар көліктің кіруіне тыйым салу,транзиттік көлікпен тәулігіне 1 реттен артық өтуді шектеу, кейбір мұнай өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттық кеден бажын төлемей темір жол көлігімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу, - деді Ақшолақов. 

Сондай-ақ ол уәкілетті органдар тарапынан шекараларда мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды бақылауды күшейту керегін айтты.

Автожанармай құю станцияларында импорттық отынға сараланған баға белгілеу мүмкіндігі, көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу рәсімдерін нақты регламенттеу, бензиндер мен дизель отынын қоспағанда, мұнай өнімдері мен жартылай фабрикаттарға экспорттық кедендік бажды мұнайдың экспорттық кедендік бажының деңгейінен төмен емес ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы