Ақшаны қалай жинауға болады?

Көптеген қазақстандықтар жаңа смартфон сатып алуды армандайды, алайда оның бағасы 900 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін немесе одан да жоғары болуы мүмкін. Мұндай соманы жинау үшін қаржылық жоспарлау мен тәртіп қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1. Жинақтау мақсатын және мерзімін анықтау
Алдымен, қажетті соманы және жинақтау мерзімін белгілеңіз. Мысалы, егер сіз 6 ай ішінде шамамен 1 миллионның тауарын сатып алғыңыз келсе, ай сайын 120-150 мың теңге жинауыңыз қажет. Егер мерзім 10 ай болса, ай сайын 70-90 мың теңге жеткілікті болады.
2. Жеке жинақ шотын ашу
Ақшаны үйде сақтағаннан гөрі банктерде жинақ шотын ашыңыз. Бұл қаражатыңызды кездейсоқ шығындардан қорғайды және кейбір шоттар пайыздық мөлшерлеме арқылы жинақтарыңызды көбейтуге мүмкіндік береді.
3. Шығындарды оңтайландыру
Кейбір күнделікті шығындарды азайту арқылы ақша үнемдеуге болады:
• Кофе сатып алу: Күнделікті 1 500 теңгеге кофе алудан бас тартсаңыз, айына 45 000 теңге үнемдейсіз.
• Такси қызметі: Қоғамдық көлікке көшу немесе жаяу жүру арқылы айына 10-30 мың теңге үнемдеуге болады.
• Жазылымдар: Қажетсіз қызметтерден бас тарту айына 5-10 мың теңге үнемдейді.
4. Қосымша табыс көзін табу
Егер ай сайын үлкен соманы жинау қиын болса, қосымша жұмыс мүмкіндіктерін қарастырыңыз:
• Фриланс: Мәтін жазу, дизайн, бағдарламалау сияқты қызметтер.
• Курьерлік қызмет немесе жеткізу: Бұл жұмыстар қосымша табыс әкелуі мүмкін.
• Қажетсіз заттарды сату: Киім, гаджеттер, аксессуарларды сату арқылы қосымша қаражат табуға болады.
Осы жерде Фриланс туралы толығырақ айта кетсек. Бұл қазақстандықтар арасында қаржылық жағдайын жақсартуға және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылғандар үшін танымал таңдау болып отыр. Фрилансерлер өз дағдыларына сүйене отырып, өз уақыттарын икемді басқарып, табыс таба алады. Қазақстандықтар үшін интернетте жұмыс табуға мүмкіндік беретін көптеген платформалар бар.
Фрилансты қалай бастауға болады:
1. Өз салаңызды анықтаңыз. Бұл копирайтинг, мәтіндерді аудару, веб-дизайн, бағдарламалау немесе маркетинг сияқты кез келген бағыт болуы мүмкін. Сіздің мамандану бағытыңыз неғұрлым нақты болса, соғұрлым сұранысқа ие болу мүмкіндігіңіз артады.
2. Портфолио құрыңыз. Тіпті жаңадан бастаған болсаңыз да, портфолионың болуы тапсырыстар алу мүмкіндігін арттырады. Тәжірибеңіз бен нақты нәтижелеріңізді көрсету арқылы бәсекелестерден ерекшелене аласыз.
3. Фриланс-платформаларға тіркеліңіз. Төменде қазақстандық фрилансерлер үшін танымал платформалардың тізімі берілген: allfreelance.kz: Қазақстандағы алғашқы фрилансерлерге арналған сайт. FL.ru: ТМД-дағы ең ірі фриланс-биржалардың бірі. Freelancehunt: Қазақстан мен жақын шетелдердегі фрилансерлерді біріктіретін ірі платформа. Naimi.kz: Қазақстанның барлық қалаларында мамандарды табуға көмектесетін сервис. Профи.kz: Әртүрлі салалардағы жеке мамандарды іздеуге арналған ұсыныс сервисі. Uwork.kz: Қазақстандық фрилансерлердің қызметтерін ұсынатын платформа. KazFreelance: Қазақстан мен ТМД елдеріндегі фриланс мәдениетін дамытуға бағытталған платформа.
Фриланстың артықшылықтары:
Икемділік. Сіз жұмыс уақытыңызды өзіңіз белгілейсіз.
Өсу мүмкіндігі. Қызметтеріңіздің бағасын біртіндеп арттыра аласыз.
Кең клиенттер нарығы. Қазақстан ішінде де, шетелде де клиенттер табу мүмкіндігі бар.
Фриланс пен инвестицияны біріктіру:
Көптеген табысты қазақстандықтар фрилансты инвестициямен ұштастырып, бірнеше табыс көздерін қалыптастырады. Мысалы, фриланстан тапқан қаражатыңызды инвестицияға салып, капиталыңызды көбейтіп, пассивті табыс көзін құра аласыз.
Қалай жүзеге асыруға болады:
Фриланстан тапқан табысыңызды жылжымайтын мүлік, акциялар немесе облигациялар сияқты ұзақ мерзімді активтерге инвестициялаңыз.
Тұрақты инвестициялар капиталыңызды жинақтап, қосымша табыс әкеледі, бұл өз кезегінде жаңа фриланс жобаларына уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Фриланс пен инвестиция Қазақстанда табысты арттырудың тиімді жолдары болып табылады. Ең бастысы — дұрыс стратегияны таңдап, мүмкіндіктер мен тәуекелдерді зерттеп, табандылық пен шыдамдылық таныту.
Қосымша 50-100 мың теңге табыс ай сайын мақсатыңызға жылдамырақ жетуге көмектеседі.
5. Бөліп төлеу мүмкіндігін қарастыру
Егер толық соманы бірден жинау қиын болса, банктердің пайызсыз бөліп төлеу қызметтерін пайдаланыңыз. Бастысы, ай сайынғы төлемдер бюджетіңізге ауыртпалық түсірмейтініне көз жеткізіңіз.
6. Акциялар мен жеңілдіктерді қадағалау
Кейде дүкендер алдын ала тапсырыс үшін бонустар ұсынады. Сондай-ақ, мерекелік жеңілдіктер мен акцияларды күтуге болады.
Қаржылық тәртіп пен дұрыс жоспарлау арқылы сіз қалаған затты сатып алып, қаржылық жағдайыңызды тұрақты сақтай аласыз.
Сондай-ақ Қазақстандағы маркетплейстерде табыс табу және тәуекелдерді азайту үшін келесі қадамдарды жасауға болады.
Бірінші, маркетплейсті таңдау. Қазақстанда бірнеше танымал маркетплейстер бар, әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.
• Kaspi.kz: Елдегі ең ірі онлайн-платформа, жоғары сенімге ие.
• Wildberries: Халықаралық маркетплейс, кең ассортимент пен жеке логистикаға ие.
• Ozon: Қазақстандағы қатысуын белсенді түрде кеңейтуде.
• Flip.kz: Кітаптар, техника және үй тауарларына бағытталған қазақстандық платформа.
Тауардың ерекшелігі мен мақсатты аудиторияға байланысты платформаны таңдаңыз.
Екінші, нарықты талдау және тауарды таңдау керек және сұраныс пен ұсынысты зерттеңіз. Тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу: Қандай тауарлардың сұранысқа ие екенін және қай салаларда бәсекелестік төмен екенін анықтаңыз. Бәсекелестерді талдау: Қандай тауарлардың ұсынылғанын және сіздің қандай артықшылықтарыңыз бар екенін бағалаңыз.
Сондай-ақ тіркеу және құжаттарды дайындау керек болады. Ал маркетплейсте жұмыс істеу үшін:
• Бизнес тіркеу: Қазақстан заңнамасына сәйкес ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеліңіз.
• Сәйкес ОКЭД таңдау: Электрондық сауда үшін 47.910 — “Почта немесе Интернет арқылы тапсырыс бойынша бөлшек сауда” сәйкес келеді.
• Қажетті құжаттарды дайындау: Тіркеу куәлігі, салық органдарында есепке қою және таңдалған маркетплейс талап ететін басқа құжаттар.
Келксі кезек ассортиментті басқару және баға белгілеу. Тауар ассортименті мен бағаларын тиімді басқару:
• Ассортиментті үнемі жаңарту: Трендтер мен тұтынушылар пікірлерін бақылаңыз.
• Икемді баға саясаты: Өзіндік құнды, маркетплейс комиссияларын және бәсекелестердің бағаларын ескеріңіз.
• Акциялар мен жеңілдіктерге қатысу: Бұл тауардың көрінуін арттырып, жаңа клиенттерді тартуға көмектеседі.
Логистика және клиенттерге қызмет көрсету үшін сапалы логистика мен сервис маңызды:
• Уақытылы жеткізу: Маркетплейстің жеткізу қызметтерін немесе сыртқы логистикалық компанияларды пайдаланыңыз.
• Қайтаруларды өңдеу: Клиенттер үшін түсінікті және ыңғайлы қайтару саясатын әзірлеңіз.
• Клиенттерді қолдау: Сұрақтар мен пікірлерге жедел жауап беріп, дүкеніңіздің беделін арттырыңыз.
Қаржылық есеп және салық қашанда маңызды. Дәл есеп жүргізу және салық міндеттемелерін орындау керек.
• Салық режимін таңдау: Жалпыға бірдей белгіленген немесе жеңілдетілген декларация негізіндегі салық салу режимін таңдаңыз.
• Бухгалтерлік есеп жүргізу: Мамандандырылған бағдарламаларды немесе кәсіби бухгалтерлердің қызметтерін пайдаланыңыз.
Алғаш басталған дүниені қателіксіз жүргізу қиын, дегенмен жиі кездесетін қателіктерді зерттеп олардан аулақ болу керек.
Тәуекелдерді азайту үшін:
• Тауарды дұрыс таңдамау: Нарық талдауына негізделіңіз, тек жеке пікірге емес.
• Маркетинг құралдарын елемеу: Маркетплейс ішіндегі және сыртқы жарнама арналарын пайдаланыңыз.
• Платформа ережелерін бұзу: Таңдалған маркетплейстің барлық талаптарын мұқият оқып, орындаңыз.
Маркетплейстерде жұмыс істеу мұқияттылық пен тұрақты талдауды талап етеді. Жоғарыда аталған ұсыныстарды орындау арқылы сіз табысты бизнес құрып, мүмкін болатын тәуекелдерді азайта аласыз.