"Ақшаға сүртіп берді": Алматы полициясы даулы видеоға пікір білдірді

Жақында әлеуметтік желілерде бір қыздың былапыт сөздер айтып, даяшыға аяғын сүрткізген видеосы тарады. Аталған жағдайға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын анықтады. Ол өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Аталған дерек бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталды. Түсініктемесінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы