1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пунктері әр адамның жеке мәліметін тіркейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелерінің өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Енді ақша айырбастау пунктері әр операцияны журналға тіркеп отырады. Яғни ақпаннан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірі жазылады.

Мұндай бастаманы Ұлттық банк көтеріп отыр. Әр айырбастау операциясынан кейін қызметкерлер журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты), берілген күнін, құжаттың нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады. Сонымен қатар, жаңа талап бойынша айырбастайтын ақшаның көлемі 500 мың теңгеден аспауы керек болады.

Қолма-қол ақшаны басқару департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, деректер жеңілдетілген түрде жазылатын болады. Егер операциялардың сомасы 500 мың теңгеден аз болса, онда клиент тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. 

Бұл әлемнің көптеген елінде қолданылатын халықаралық тәжірибе, - деп түсіндірді Қажымұратов.

Сонымен қатар, мен бұл процесті автоматтандыруға болатындығына назар аударғым келеді. Қазір нарықта азаматтың электрондық жеке куәлігінің чипінен ақпаратты оқуға арналған құралдар бар. Бұл әр кәсіпкердің қалауы бойынша іске асады. Мұндай жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың құны 10-16 мың теңге аралығында болады. 500 мың теңгеден астам сомаға ақша айырбастау кезінде ештеңе өзгермейді. Бұрын қолданыста болған (өзгерту енгізілгенге дейін) деректерді тіркеу тәртібі қолданыла береді, - деп хабарлады тиісті департамент директоры. 

Айырбастау пунктері (соның ішінде автоматтандырылған айырбастау пунктері) арқылы жүргізілетін айырбастау операциялары үшін, айырбастау операциясының бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сома тізілім журналында тіркеледі:

- журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты), берілген күнін, құжаттың нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады; 
- клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
- клиенттің заңды мекенжайы.

Жалпы, біз қоғаммен, бизнес қауымдастықпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірнеше раундтық пікірсайыстар өткіздік. Біз барлық оң және жағымсыз, теріс пікірлерді тыңдап, алынған барлық дәлелдерді ескердік. Жұмыс нәтижесінде ұсыныстар мен ескертулердің көпшілігі ескерілді, - деп атап өтті Жомарт Қажымұратов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы