Ақша айырбастау орындарында рубль бағамы күрт төмендеді

Ресейдегі әскери бүлік әрекеті аясында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы төмендей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей рублінің бағамы тұрақсыз болып тұр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,3- 5,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада 4,2 -5,15 теңге аралығында құбылып тұр.

23 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 5,31 теңге болған.

ҚР Ұлттық банкі белгілеген Ресей рублінің ресми бағамы 5,32 теңгені құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы