АҚШ зымыран шабуылына қарсы жаңа жүйе орнатпақ

АҚШ президенті Дональд Трамп зымыран шабуылына тойтарыс беретін жүйе орнатуға уәде берді. Ол "Алтын күмбез" деп аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24kz жазған мәліметке сәйкес, жүйе АҚШ-ты гипердыбысты, қанатты және баллистикалық зымырандар мен дрондардан қорғайды. Сондай-ақ ол әуе арқылы атылған ядролық қаруға да қарсы тұруға қауқырлы болмақ.

Жоба 2029 жылы аяқталады деген болжам бар. Оған елдің Ғарыш күштерінің генералы Майкл Гетлейн басшылық етеді.

"Рейтердің" хабарлауынша,"Алтын күмбезді" орнатуға 175 миллиард доллар жұмсалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы